defimage1

 

 

ЕРЕЖЕСІ 

І. Жарыстың мақсаты мен міндеті.

- әрбір жанұяда спортты насихаттап, шағын футболдағы команда арқылы бірлік, отбасына құрмет және елдік патриотизмге тәрбиелеу;

-  отбасында саламатты өмір салтын орнықтыру;

- болашақ ұрпақ бойында патриоттық сезім қалыптастыру, татулыққа баулу;

- жанұялар арасында достықты нығайту.

ІІ. Жарыстың өтетін орны мен мерзімі.

Жарыс Тараз қаласы, «Тараз-Арена» спорт сарайында 8-10 қараша аралығында  өтеді. 8 қараша күні сағат 18.00 «Тараз-Арена» спорт сарайында команда өкілдері мен төрешілердің отырысында жеребе тартылып, ресми түрде тіркеу рәсімі өтеді. Оған әр команданың өкілі міндетті түрде қатысуы керек.


ІІІ. Жарыс басшылығы.

Жалпы Басшылықты Қазақстан футбол  ардагерлері лигасы, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жүргізеді. Тікелей өткізу Қазақстан футбол  ардагерлері лигасына және төрешілерге жүктеледі. Жарыстың бас төрешісін Ұйымдастыру комитеті («Ел қайраты» ауылдық спорт қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы - жарыстың ресми иесі, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қазақстан футбол ардагерлері лигасы) біріккен отырысында тағайындайды.

ІҮ. Жарысқа қатысушылар және өткізілу тәртібі.

                Жарысқа Қазақстан Республикасының барлық аумақтарының жанұялық командалары қатысады. Команда құрамына шек жоқ. Тек ойыншылардың тегі бірдей болуы керек. Яғни, атасы, баласы, немересі, шөбересі, т.с.с. Жиендердің командаға кіре алмайтынын ескертеміз. Олар өз аталарының командасын құрай алады. Командаға қыз балалардың да кіруіне рұқсат. Қатысушылардың жасы 10-нан жоғары болуы тиіс. Ойын құрамы 4+1. Жарыс бекітілген  Ережеге сай өткізіледі. Ойын 10 минуттық 2 таймнан өткізіледі. Жарыстың өту жүйесі:

1-кезеңде -  командалар топтарға бөлініп, топта айналмалы жүйемен ойнайды;

2-кезеңде - әр топтан шыққан екі үздік команда олимпиадалық жүйе бойынша жарысты жалғастырады.

Топтық кезеңде 2 немесе одан көп команда бірдей ұпай жинаған жағдайда, басымдық барлық ойындарда көп жеңіске жеткен командаға беріледі. Егер бұл көрсеткіш тең болса, орындар төмендегідей анықталады:

  • командалар арасындағы өзара кездесу нәтижесі бойынша (ұпай саны, ұтыс саны, доптар айырмасы, ең көп соғылған доп саны);
  • барлық ойындардағы доп айырмасы;
  • барлық ойындардағы ең көп соғылған доп саны;
  • осы нәтижелердің барлығы тең болған жағдайда – жеребе арқылы.

Ойынға қатысушы Командалар құжаттары:

  • жарысқа қатысуға команда өкілі, медицина өкілі мөрі басылған тапсырыс (заявка) түпнұсқасы;
  • барлық ойыншылардың жеке куәлігінің түпнұсқасы;
  • тегі (фамилиясы) бөлек болған жағдайда растайтын құжат болуы міндетті.

Ү. Жарыс шығындары.

Жарысқа қатысушылардың келу, қайту жол ақысын, жарыс күндері тамақтану төлемдерін командалар өз есептерінен өтейді. Жарыс өтетін орынмен, қажетті спорт құралдарымен, баннерлермен, жарыс төрешілерімен, медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету Ұйымдастырушылар есебінен. Аталған шығындар жарысқа қатысу жарнасынан төленеді.

 Жарна – 30 000 теңге.

ҮI. Футболшылардың, команда басшыларының жауапкершілігі.

  1. Команда басшылары өз командалары футболшыларының мінез-құлқына жауап береді және матч төрешілерінің іс-әрекетіне араласуға құқығы жоқ.
  2. Төрешілерге қысым көрсеткен ойыншылар жарыстан шеттетіліп, командасының ары қарай ойнауы Ұйымдастыру комитетінің қарауымен шешіледі.
  3. Команда басшылары өз көрермендерінің, ресми тұлғалардың, сондай-ақ командаға қатысты кез келген басқа тұлғаның мінез-құлқына жауапты болады.
  4. Команда ойыншылары біркелкі спорттық киімде болуы міндетті, аяқ киімдері паркетті сызбайтын болуы міндетті (табаны залға арналған паркетті сызбайтын ақ болу керек), (сороконожка, табаны қара зальникпен ойнауға тыйым салынады)
  5. Спорттық киімі "ойын ережесіне" сәйкес келмейтін футболшылар ойынға жіберілмейді.
  6. Ережені өрескел бұзғаны үшін команда жарыстан шығарылуы мүмкін..
  7. Алаңнан қуылған ойыншы автоматты түрде кезекті ойынды өткізіп, Ұйымдастыру комитетінің шешімі қабылданғанға дейін кезекті матчтарға жіберілмейді.

ҮІІ. Марапаттау.

 Жарыста І, ІІ, ІІІ орын алған командалар, үздік ойыншылар Ұйымдастыру комитетінің  Кубоктары, медальдары және дипломдарымен және демеушілер есебінен бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

Ұйымдастыру комитеті:

Қазақстан футбол ардагерлері лигасы - 8 777 777 74 66  (Инаят Қрықбаев);

Жарыстың ресми иесі                            - 8 701 736 14 07  (Несіп Жүнісбайұлы).

                  

ЕСКЕРТУ: Команда құрамында бір атаның балалары болмаған ойыншы анықталса, команда жарыстан шеттетілетінін қатаң ескертеміз.

Joomla SEF URLs by Artio